2021 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша есебі
Жалпы ережелер.
«Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ақмырза ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»
КММ- нің, Ақмырза ауылы, Бейбітшілік көшесі 11, тел: 8(71633)32357
2) Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат.
Білім бөлімі 2021 жылы реестр бойынша мемлекеттік қызметтің 5 түрінен қызмет көрсетті. Жалпы 37 қызмет көрсетіліп, оның 2 халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы, 22 - электронды үкімет порталы арқылы, 6 мемлекеттік органдар (қағаз түрінде) қызмет көрсетілді, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде-7 жеке тұлға. Бас тарту саныны-0.
Мемлекеттік органдар (қағаз түрінде) арқылы 6 қызмет түрінен 1596 қызмет көрсетілген. 1 қызмет көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетіледі, олар бойынша 821 қызмет көрсетілді.
23 қызмет Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары негізінде көрсетіледі.
3) Ең көп сұранысты қажет ететін «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет ережесі бойынша – 21 қызмет көрсетілді,
"Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет ережесі бойынша - 7 қызмет көрсетілді,
2. Қызмет алушылармен жұмыс.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету ақпараттарын «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ақмырза ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» ММ-нен ақпараттарға арналған қабырға стендтерінен және мектеп сайттарынан, сондай-ақ «Халыққа қызмет көрсету орталығы- «Азаматтарға арналған үкімет» Ақмола облысы бойынша филиалы» департаментінің Ерейментау ауданы бойынша бөлімінде.
2) «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ақмырза ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарының жобасы қоғамдық талқылауға орналастырылған жоқ.
3) Халықты ақпараттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2021 жылы Мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы жарияланымдар, білім беру ұйымдарының "Instagram" және "Facebook" әлеуметтік желілерінде мақалалар мен тікелей эфирлер жарияланды.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі орта, арнайы білім беру ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz. Жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.
Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 20 мемлекеттік қызмет қолжетімді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бақылау
1. Өтінімге сәйкес ақпарат. 2021 жылы көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.
2. Атқарылған мемлекттік қызметтің саны және сапасын ішкі бақылау барысында төмендегідей нәтиже көрсетті:
Жалпы 37 қызмет көрсетіліп, , "Халыққа қызмет көрсету орталығы "Департаментінің Ерейментау аудандық бөлімі-Ақмола облысы бойынша" Азаматтарға арналған үкімет " МК КЕАҚ филиалы - 2, 22 - электронды үкімет порталы арқылы, 6 мемлекеттік органдар (қағаз түрінде) қызмет көрсетілді, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде-7 жеке тұлға.
Мемлекеттік қызметті атқаруда мерзімі жағынан шағым тіркелмеді.
3. 2021 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және мониторингілеу жөніндегі уәкілетті органмен аудит жүргізілді. Нәтижесінде «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мәселелері бойынша жедел кеңес өткізді.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оның сапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру
Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2022 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
2022 жылы білім бөлімі және ведомстволық бағынысты ұйымдар жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.