Текст
Мария Монтессори 1870 жылдың 31 тамызында Италияда туылып, 1952 жылы Голландияда
қайтыс болды. Осы жылдар аралығында оның өмір жолы философиялық мәні бар,
балалардың құқығын қорғау үшін күресі мен ұлы педагогикалық жаңалықтар ашуына
толы болды. Ол Италияның тұңғыш әйел - дәрігері.
«Бала дүниеге келгеннен бастап өзін-өзі дамытуға және жеке адам ретінде қалыптасуға
қабілетті. Оның ішкі жан дүниесінде ерекше күш бар, ал үлкендердің міндеті сол энергияның дамуына жағдай жасау»
- деді М.Монтессори.
Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Жас ұрпаққа мән -мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру — бүгінгі күннің басты талабы.