"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ақмырза ауылының жалпы орта білім беретін мектебі   коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение  "Общеобразовательная школа села Акмырза отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

facebook

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұстаз – адамзаттың шамшырағы

03.10.2025

Ұстаздар – қоғамның алтын діңгегі, адамзаттың шамшырағы. Олардың білімі мен тәлім-тәрбиесі бізді биік шыңдарға жетелейді. Әрбір ұстаздың еңбегі – ұлт болашағының мықты іргетасы. Ұстаздар күні құтты болсын! Сіздердің еңбектеріңізге шексіз алғыс айтамыз! Әр күніңіз қуаныш пен шабытқа толы болсын!

Ізгі тілекпен

мектеп директоры

Бекмагамбетова Асельм Жетрубаевна

 

Ұстазым

Авторы: Фариза Оңғарсынова

Заводта болсаң, күнбе-күн көрінер еді табысың.

Дәрігер болсаң, түрлі емің – сырқаулы жанның бағы шын.

Ал сенің еңбек жемісің өзгеше тіпті басқадан:

Ол — өзін арнап ел үшін осынау жүрген жақсы адам.

 

Жақсы адам – елдің тірегі, байлығы туған халықтың,

Шапағын шашар үнемі көгінде тұрған жарық күн.

Сан жастың қамын шертесің, тағдырын ойлап толғанып.

Әр үйдің бір-бір еркесін үйреттің өзің қолға алып.

 

Ұстазсыз жанда сөнбек күн,

Шәкіртсіз өмір – сусыз жер.

Көрінбес ғажап еңбектің бейнетін кешіп жүрсіздер.

Жүректе тұрар жалқы үнің,

Жанымнан жалын жігер күт.

Ұстазым, сенің әр күнің, әр сәтің –

тұрған бір ерлік!

Просмотров: 44


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст